Қытайдағы орталық халық радиостанциясының қазақ тіліндегі радиосы 2015 жылы 1 қаңтардан бастап арнаулы толқынмен 18 сағат бойы бағдарлама таратады. бұл Қытайдағы бір жарым миллион қазақ үшін тағы бір үлкен қуаныш болмақ.
Қытай, Ұйғұр, Қазақ, Корей, Тибет, Моңғұл тілдерінде таратылатын орталық радиосы Қытайдағы ең ұлкен радиостациясы. Аталған радионың Қытай тілінде бағдарлама таратуы 1949 жылы желтоқсаннан бастау алса, қазақ тіліндегі радиосы 1971 жылы 1 мамырда эфирге көтерілген болатын. Бастабында бір сағат бағдарлама таратқан қазақ тіліндегі радио қаз-қаз басқан қадамын нықтай жүріп, 2014 жылға келгенде күніне 7 сағат бағдарлама тарататын өреге жетті.
соңғы кездері Қытай үкіметінің ақпарат медияларын қолдау тебінін арттыруына байланысты орталық халық радиостанциясының Қазақ тіліндегі радиосы қой жылының қаңтар айынан бастап, арнаулы эфирде 18 сағат бойы бағдарлама тарату мұмкіндігіне ие болды. Сонымен Қытайда келер жылдан бастап, күніне 18 сағат бойы қазақ тілінде бағдарлама тарататын 2 радио жұмыс істейді. Мұның бірі Шынжаң Ұйғұр Автономиялы өлкесінің орталығы Үрімжі қаласынан таратылатын Шынжаң халық радиостанциясы, ал енді бірі Қытайдың астанасы − Пекиннен таратылатын орталық халық радиостанциясының қазақ тіліндегі радиосы.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайдағы Қазақтарда Қазақ тілінде шығатын 10 нан астам газет (мұның төртеуі күн сайын, аптасына жеті күні бойы шығатын басылым болып табылады), 50 ге жуық журнал бар. Шынжаң телеарнасының үшінші, сегізінші және он екінші арнасы қазақ тілінде таратылады. Сонымен бірге, қазақ тілінде жұмыс істейтін 200 ге жуық сайт, 6 баспа бар.
Суретте: келер жылы қаңтардан бастап қазақ тілінде 18 сағат бойы бағдарлама тарататын радионың тұсаукесер салтанаты.
Қалиәкбар Үсемханұлы


