Солтүстік корея интернетсіз қалды

/uploads/thumbnail/20170708161029318_small.jpg

АҚШ Кореялық Sony Pictures Entertainment кинокомпаниясы түсірген «Сұхбат» фильмін сынағаннан кейін Солтүстік Корея он неше сағат бойы ғаламтор жүйесіне қосыла алмады. Кинода көшбасшы Ким Чен Ын-ға жасалған қастандық туралы баяндалған. Бұл туралы шет елдік БАҚ жазады.

Америкалық сараптамалық агенттіктің Twitter-дегі парақшасында ғаламтор байланысы 9 сағат 34 минутта іске қосылғанын жазған болатын. Кореяны ғаламтор жүйесімен қамтамасыз ететін 4 ресми нысандағы ақаулық жексенбі күні байқала бастаған. Dyn Researsh агенттігінің директоры Дуга Мейдори: «Әдетте ғаламтор байланысында аз уақытты қамтитын ақаулықтар болып тұратын. Алайды бұл жолғы ғаламтордың істен шығуы алдыңғы тәжірибелерге мүлдем ұқсамайды,»-дейді. АҚШ-ың мемлекеттік департаменті бұл іске қатысы бар-жоғы жөнінде ақпарат беруден бас тартты.

Қатысты Мақалалар