Францияның Нант қаласында Рождестолық шеруге шыққан жұртты белгісіз біреу автокөлікпен қағып кеткен. Нәтижесінде жүргіузшімен бірге 11 адам зардап шекті. 5 адам ауыр жарақаттарына байланысты хәл үстінде жатыр.
Оқиға 22 – желтоқсан күні кешке жақын болған. Адамдарды қаққаннан кейін жүргізуші өзін бірнеше жерден пышақпен жарақаттаған. Францияның ІІМ Бернар Казнев жарақат алғандармен жапа шеккендердің жанұясына барлық көмек түрі көрсетілетін айтқан.
Анықталғандай көлік жүргізушісі Себастьян есісді жігіт болып шықты. Бірнеше жерден жарақат алғанына қарамастан тірі қалған. Есін жиған ол болған іске өкінетінін мәлімдеді. Құқық қорғау органдары көлікті тінту барысында ноутбук тауып алады. Ноутбук құжаттарын тексеріс барысында жігіттің жүйкесі жұқарғаны, отбасылық мәселеге байланысты осындай шешім шығарған деген болжам жасап отыр.