«Ресейде алдағы 2015-жылы толыққанды дағдарыс болады. Экономикада тұрақсыздық, ірілі-ұсақты компаниялар дефольт болып, елдің инвестициялық қаржыландыру жүйесі құлдырайды,»-деп мәлімдеді Financial Times тілшісіне берген сұхбатында Ресейдің бұрынғы экономика министрі Алексей Кудрин.
Жалпы экономикадағы таза пайданың үлесі 2-5 %-ға дейін азаяды. Бұл 2000 жылдан бергі кірістің алғаш осындай күйге ұшырауы» - дейді Алексей Кудрин. «Қазіргі таңда Батыспен экономикалық-серіктестігімізді қайта қалпына келтіру басшылық пен басшының басты бас қатырар мәселесі болуы керек. Әсіресе Еуропа мен АҚШ-ты абайлағаны дұрыс. АҚШ-тың бізге жариялаған санкциясының әсерінен рубльдің құнсыздануы 30-40 %-ға дейін барды. Халықтың өсіміне экономикалық тұрақтылық та әсер етеді. Осындай жағдайда көтерілістер белең алуы мүмкін,»-дейді. Ал тілшінің «Билікке қайта оралмайсыз ба?» деген сұрағын Алексей Кудрин жауапсыз қалдырды.