Видео потал VS телевидение. Кім жеңеді?

/uploads/thumbnail/20170708161717265_small.jpg

Жаңа медианың өмірге келуімен дәстүрлі БАҚ-тың газет, журнал сынды нұсқалары өздерінің сайттарын ашып, кейін келе түгелдей онлайн нұсқаға көшіп жатыр. Ал, телевидение саласы әлі де дәурендеп тұр. Бүгінгі күнде ғаламтормен үздіксіз байланысы бар жастар теледидар қарамайды десек артық айтқандық болмайды. Ендеше, «көк сандыққа» да қауіп төніп тұр ма?

internet_vs_tv_1 Ғаламтордағы видеохостингтердің үстемдігінің алдын алу үшін телевидениелер көрсетілімнің онлайн нұсқасын және түрлі бағдарламалар мен шоулардың видеосын сайттарына орналастыратын болды. Мысалы, қытайдың Хунань телеарнасы өзіндегі бірнеше бағдарламаны қытайға тынмал интернетте тіке тарату бағадарламаларымен келісе отырып жүргізіп, 200 миллион юань(6 миллиард теңге) көлемінде кіріс кіргізген. Ал, бүгінгі күнде Қазақстанда жүзеге асып жатқан тележобалардың басым көпшілігі Youtube немесе Kaztube, Kiwi, Nur.kz, Namba сияқты видеожелілерде кеңінен танымал болып талқылауларға түсіп жатады. Танымал сайттандың ТВ нұсқасы ашылып, онда қозғалған мәселелер телеарна жаңалықтарында көтерілген тақырыптардан әлдеқайда өнімді көрілімге, ықпалға ие болып жатыр. Ғаламторда видеоблог ретінде сәтті жүргізілген жобалар телеарнаға шығарылып жатты. Тіпті көптеген телеарнада ғаламтор жайлы арнай бағдарламалар ашылып, дүмпу тудырған жазбаларға немесе видеоларға шолу жасап отыратын болды. Қорта айтқанда, телеарнаның БАҚ сахнасынан ығысуы әлі ерте болғанымен, көрерменінің біразын жоғалтқаны шындық. Ал, ғаламтордағы бейнепорталдардың қолданушылары артпаса кемімейді.

М.Жошы

Қатысты Мақалалар