Шоудан шошымайық!

/uploads/thumbnail/20170708161719023_small.jpg

Елдің бәрі көк есекке теріс мінгізіп сынап жатқан "жұлдыздар айтысын" ғаламтордан көрудің сәті бүгін ғана түсті. Атақты сатирик Петросянның " Көшеге шықсам "фильм для дураков" деген жарнаманы оқып кірдім, көрдім.Маған ұнады..." дегені секілді мен де қарадым және қатты ұнаттым. Шошитындай дәнеңе жоқ. Өлермен күйдегі айтысты өлтірмеудің бір жолы деп түсіндім бұл жобаны және ұйымдастырушылар мақсатына жете білген. Айтыскерлерге еш кінә артпайық, олар кәсіпқой ақындар. Ал, әншілерімізге үлкен жүрекпен, түсінікпен қараған жөн. Қалай десек те олар ел еркесі. Жобаға байланысты кейбір танымал азаматтардың да жазып жатқаны жанашырлық шығар. Бірақ оңаша ортада айтылатын, бір сәттік әсерден алған әңгімелер ғой. Сынаушылардың ішінде айтыскер әріптестеріміздің назы орынсыздау. Өзің қатыспадың екен, өз "бақшаңа" тас лақтырмай, тілектес болған жөн шығар.Жалпы өз басым айтыс және айтыскер жайлы жағымсыз пікірге шамам жеткенше араша боп жатам. Кәріс, үнді, түріктің де таусылмас сериалдарын көріп келеді көрермен. Кейбір xалық бұқа сүзістіреді, ит, қораз төбелестіреді. Осы жерде ТАЛҒАМ мен ӨРЕ жайлы әңгіме қозғалмайды ғой... Ал, толық табиғаты қазақта ғана сақталған асыл өнеріміз десе неге өре түрегелеміз? Ең бастысы ұйымдастырушылар "ақындар мен әншілер айтысады" деген жоқ, шоу екенін яғни ел көңілін көтеру үшін жасалып жатқан тәжірбиелік бағыттағы жоба екенін ескертті ғой. Онсыз да қазақ пен айтыстың көре алмайтын күншілдері аз емес, сондықтан кең болайық ағайын !!! (Жалпы бұл шоу айтыс жайлы жуық арада кеңінен талдау жасармын...)

(Бауыржан Халиолланың фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар