...Шыжыған Шілде болатын. Басымды көтергенде аялдамадан асып бара жатқанымызды көрдім де, кітабымды жаба сала орнымнан ұшып тұрдым. Автобустың соңында отырған мен - көзді ашып жұмғанша алдыңғы есіктің жанынан бірақ шықтым. Тежегішті бірден басқанда, контролер балаға келіп соқтығысқам, өзімнің де салмағым жеңіл емес, бір жапырақ баланың түрі өзгеріп кетті.
Кешірім сұрадым да, ытқып шығып, жолдан өте қояйын деп айналама қарасам, толған көлік. Жол ережесін ұмытып та кеттім. Себебі, курсқа кешігетін болсаң, айыппұл төлейсің. Бұл да жақсы ынталандыру амалы. Кім жайдан-жай біреуге ақша бергісі келеді дейсің.
***
...Сабақтан шыға сала самал желді сезініп, саябаққа кітап оқуға барған болатынмын. Жиырма минуттан соң елу бестер шамасындағы ата жаныма жақындай бере бір нәрсе деп күбірледі де, қолын менің жаныма нұсқады... Не айтып тұрғанын бірден ұға қойдым.
Құлағымдағы музыканы сөндірдім де: «Иә,отырыңыз, әрине» - деп жауап бердім. Бірақ, аздан соң өз жауабыма қапаланып қалдым.
Жайғасып отырған соң әлгі қарт өзін, режиссермын деп таныстырды. Менің сұлулығыма тамсанып, алыстан байқап келгендігін айтты. Аздап қысылыңқырап қалдым.
«Сен қыздан шабыт алып тұрмын, жүзің жылы, бойыңда қарапайымдылық бар. Мен сені әлемдегі ең сұлу дей алмаймын, бірақ өте тартымды қызсың. Қасың мен көзің сондай жарасымды» - деген сөздерді айта бастады. Қайда оқитынымды, мекен-жайым мен әке-шешемнің жұмысын сұрастырды.
Мамандығым журналист дей бергенде, өзін «СТВ» арнасының директорымын деп танытырды да, жұмысына басты рөлдегі актриса етіп алғысы келетіндігін айтты.
Мен бірден сескеніп: «Ата-анаммен сөйлесуім керек. Мен сізді танымаймын ғой, мүлде» - деп аузымды аша бергенде: «Оларға айтушы болма, бұл өнер ғой. Сен бұл салада жүргенде өзің шешім қабылдауың керексің» -деді де, біртүрлі ақтала бастады.
«Мен саған қиянат жасамаймын, қорықпа, жаман ойым жоқ. Мен өнер адамы болған соң шабыттанамын. Мен танитын қанша әкім, министр, шіріген байлар бар» - демін тартып, көзін әрі-бері жүгіртіп: « Көбінде жас қыздарға қиянат жасап кетеді» - деді. Бойымды үрей билеп, жүрек қағысым жилеп кетті.
Тынысым тарыла бастаған, ұялы телефонымның шырылдағанынан селк ете түстім. Қоңырау шалған адам қысқа да нұсқа қайырды. Мен қорыққаннан өз-өзіммен сөйлесіп отыра бердім. Аз уақыттан соң, мені өзінше бір музаға айналдырып тұрған «режиссер» үн түнсіз орнын тұрып кете берді. Оны тоқтатуға мен де ұмтылған жоқпын.
Әлгі «актриса» қайда қалды?
Осы сұрақтың жауабын тапқан оқырман – менің ойымды сөзсіз түсініп отыр деп ойлаймын.
Бүгінгі жанталас заманда алдау мен арбау сынды адам жиіркенетін оқиғалар көбейіп барады. Ауылдан келген мұндайдан еш хабары жоқ аруларымыздың тағдырының күл-талқанын шығаратын имансыз, арсыз, намыссыз жігіттер, тіпті, өздеріңіз куә болып отырғандай қарттарымыз да бар екені күн санап дәлелденіп келеді.
Қыз – болашақ ұрпақтың тәрбилеушісі. Әлемді тербететін ардақты ана емес пе? Қызға қиянат жасау – бақытқа жеткізер жол емес. Қиянат жасау – Алланың аулақ бол деген істерінің бірі.
Жаны нәзік, қаракөз қыздарымыз аман болсын. Адалдық пен адамгершілік – азаматтарымыздың басты құндылықтарына айналсын, ағайын!
Пікір қалдыру