Өткен аптаның соңында Қырғыз мүфтиятының ресми веб-сайты қарау ойлы хакерлердің шабуылына ұшырады. Бұл жайында Қырғыз дін істері басқармасының баспасөз хатшысы Асан Саилов мәлімдеді.
Қорқау хакерлер веб-сайттың басты бетіне қару кезенген қыздың суретін орналастырып, онда ағылшын тілінде: «Free Syrian. Free Palestina. Nothing is impossible» («Азат Сирия, азат Палестина. Мүмкін емес нәрсе жоқ!») жазуын қалдырған.
Бүгінде аталмыш жайтты тексеріп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал бұл бұзақылық әрекеттің астарында мемлекеттің ұстанымына теріс көзқарастағы, елдегі діни бағытты бұра тартқысы келетін топтың тұруы әбден мүмкін деген де пікірлер жоқ емес.
Қазіргі уақытта мамандар Діни басқарманың интернет-ресурсына кімдердің қандай мақсатпен бұзып кіргенін анықтау үстінде. Істің нәтижесіне қарай прокуратура мен арнайы қызмет орындарына арыз жіберілетін болады.
"Үммет.кз"