Әріптесім Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарласып, журналистерге мембағдарлама арқылы берілетін үй алу туралы сұраған еді. Ондағылар "Тек мемлекеттік БАҚ-тарда жұмыс істейтін журналистер ғана бұл бағдарлама аясында пәтерге қол жеткізе алады" деп жауап беріпті.
Демек, менің түсінгенім, пәтер алуға үімткерлердің үшінші санаты бойынша журналистерге берілетін басымдық мемлекеттік емес БАҚ-тарда жұмыс істейтін журналистерге жүрмейді.
Мұның анық-қанығын білу үшін, соңына түсіп, әркімнен сұрастырып, тексеріп кетпедім. Естіген жауапты осында жазып отырмын.
Егер расымен де солай болса, онда мемлекеттік БАҚ-тарда жұмысқа орналасу кезегіне тұрыңдар, тұрыңыздар.
"Әдірем қалғыр, дискриминация" дейтін бе еді мұндайда.