Синоптиктер сенбіге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі
"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, 2 желтоқсанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік шығыста, орталықта және солтүстік батыста кей жерлерінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, желдің күшеюі күтіледі.
Сондай-ақ, республика бойынша тұман сақталады.
Қазақстанның барлық облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.