Желіде Мақпал Жүнісованың Мәдина Сәдуақасованы жұлқылаған видеосы тарады. Видеоны Мәдина Сәдуақасова өзінің Инстаграм парақшасында жариялап, "Мақпал апай мені қызы Мерей деп қалды-ау дейм" деп жазды.
Ал желі қолданушылары екі түрлі пікір айтты. Бірі "Мақпал апай қолынан тартқан Мәдина бақытты" деп жатса, екіншісі "Не болды сонша жұлқылап" деп Халық Әртісінің әрекетін сынап тастаған.
Алайда видеодан Мақпал Жүнісованың Мәдинаның жанында тұрып суретке түскенін қалағаны анық көрініп тұр.