Гонконг тұрғыны денесіне 94 дана iPhone байлап шекарадан шықпақ болды, деп хабарлайды Qamshy.kz порталы gb.cri.cn сайтына сілтеме жасай отырып.
11 қаңтар күні Конконг шекара қызметі туристер көп өтетін Хуаңгаң өткелінен жүрісі өзгеше ер адамның күмән тудырғаны жайлы айтты. Оқиға орнында ер адамның сөмкесі мен қалтасынан ешқандай заңға қайшы тауарлар байқалмаған. Кейін кеден қызметкерлері оның денесін тінту барысында көкірек, арқа бөліміне көп мөлшердегі iPhone-ның таңылып қойылғанын байқайды.
Тексеру барысында нарықта сұранысқа ие болып отырған iPhone 6 және iPhone 5S смартфондарынан жалпы саны 94 данасы табылған. Олардың жалпы құны 50 мың АҚШ доллары көлемінде болған. Шекара қызметінің мәлімдеуінше бұл адамның осыдан бұрын да шекара заңын бұзғандығы себепті әкімшілік жауапқа тартылған. Ал, бұл оқиғаға байланысы қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдыры жүргізілуде екен.
М.Жошы