Интернет-билік: сау бол, халқым!

/uploads/thumbnail/20170708162147008_small.jpg

"Интернет желісінде, соның ішінде әлеуметтік желілер мен блогтұғырларда өзін өзі қалай ұстау керектігі туралы мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлеріне ескертпе"

Бұл ескертпені оқып, "таныстым" деп қол қойып жатыр мемлекеттік қызметкерлер. Ескертпенің ішіндегі мына бір нұсқау қызық екен. "ҚР мемлекет басшылығын және олардың жүргізіп отырған саясатын сынаушы интернет қолданушыларды достар қатарына қоспаңыз". Күлкілі ие?  Бұл мемлекеттік қызметкерлер мен қарапайым халық арасының алшақтауын білдірсе керек. Осы FB-дағы мемқызметтегі кластас досыңыз достықты үзсе, ренжімеңіз. Кейін "Қазақтар 7 атасына дейін қан араластырмауы керек" ғұрпына қосымша мынадай ескертпе жазылса, таңқалмаймын. "Мемлекеттік қызметкерлер әулеті ғана бір біріне құда түсе алады".

(Айдос Жұқанұлының фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар