Жедел топ қызметкерлерінің ақпараты бойынша, 30 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Пушкин көшесіндегі үйлердің бірінде жезөкшелер ұясын құрып, ақшалай сыйақы үшін клиенттерге интим қызметтерін көрсететін келіншектерді ұсынған.

Сонымен қатар, ұсталған әйелдің кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек қызды жеңіл жүріске тартқандығы мәлім болды.
Жеңгетейдың талабы бойынша, Алматы облысынан қалаға жұмыс іздеп келген 9-шы сынып оқушысы осы уақытқа дейін келушілерге қызмет көрсеткен.
Жеткіншек қыз жаңа танысының тұрақты жұмыс тауып беремін деген сөзіне сеніп, содан бері 1 ай көлемінде зорлықпен аталмыш кәсіппен айналысқан.