Қазақстанда ұлттық «.kz» және «.каз» домендерінің бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық порталы.
Домен құны қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығының президенті Нұрлан Исиннің бұйрығы бойынша көтіріліп отыр. Н.Исиннің бұйрығында: «Интернеттің қазақстандық сегментіндегі домендік атты тіркеу (сүйемелдеу) құны мен домендік аттарды жыл бойына алып жүру бағасының арасындағы дисбалансты жою, домен аттарын бөлініп берілген тіркеу жүйесін одан ары дамытуды қамтамасыз ету және тіркеушінің жұмысының ақталуы мақсатында бұйырамын: 2015 жылдың 15 қаңтарынан бастап домендік атты сүйеуге тіркеу қызметінің тарифтік құнын түркеуші үшін Т1820 мөлшерінде; домендік аттарды тіркеушілермен ең төменгі тіркеу құнын бөлшек сауда үшін Т3 мың деңгейде және көтерме сатып алушылар үшін Т2800 мөлшерінде анықталсын; ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тіркеушілер үшін қызметтің ең төменгі құнын бөлшек саудада Т3 мың деңгейінде плюс 12% және көтерме сатып алушылар үшін Т2800 плюс 12%» делінген.
Оның айтуынша соңғы кездері Қазнеттегі ұлттық доменді дамыту мақсатында оның бағасы арзандатылған.
2014 жылға дейін ұлттық домендерді тіркеумен 15 компания айналысқан. 2014 жылдың 23 желтоқсанына дейін 122 308 домен атауы тіркелген.
Өз кезегінде «Интернет-компания PS» ЖШС бас директоры Никита Красулин «қазіргі кезде клиенттерге «домендік аттарды тіркеу және сүйемелдеп отыру» қызметіне кететін шығын біздің кірісімізден едәуір асып кетеді» деп атап кетті.
