Бұған байланысты танымал продюсердің инстаграмдағы достарының пікірі екіге жарылды. Бірі "Қылықсыз" деп сөксе, екінші жақ "Өте кереметсіз" деген мадақтауларын аямады.
Есентаеваның өзі төмендегі суретке қатысты оқырмандарының біріне "Бұл менің апам. Ол балерина!" деп жауап берген.
Есентаеваның бұл суреттеріне екі тәулік ішінде 30 мыңға жуық "Лайк" қалдырылған. Көпшілік орта жастағы келіншектің жас көріну құпиясын сұраған. Суреттердің астына 500-ге жуық көрермені өз пікірін қалдырыпты.
Естеріңізде болса, Баян Есентаева бір апта бұрын ғана 41 жасқа толған еді. Өзін "сынағандардың сынына сынатын мен емес" деген Баян Есентаева демалыстан қандай күш жинап нендей ой түйгенін, жаңа идеяларын алдағы жұмыстарынан көретін боламыз.Баян Есентаева
Nur.kz