Әлемнің ең бай бес көшесі

/uploads/thumbnail/20170708162321250_small.jpg

Жыл сайын Cushman & Wakefield журналы әлемдегі ең бай көшелердің тізімін анықтайды. Оған 65 мемлекеттің астанасы мен ірі мегополис қалалар қатысады екен. Сонымен бүгін біз сіздерге сол байқаудың қортындысын жария етпекпіз. 2014 жылдың ең бай көшесін атағын АҚШ-тағы Upper 5th Avenue көшесі жеңіп алды. Себебі бұл көшенің тұрғындары пәтердің 1 шаршы метріне 30 000 евро төлейді екен. 1Екінші орынды Гонконгтың Causeway Bay көшесі жеңіп алды. Бұл көше бойында пәтер жалдап тұратындар ай сайын 24 000 евро төлейді. Алайда тұрғындар пәтер бағасы қымбат деп қымсынбай, керісінше қуанышты. Тұрғындардың айтуынша бұл жер Гонконгтың ең ірі сауда орындары жақын екен. 2Жыл сайын үшінші орынды Париждің Avenue des Champs-Élysées көшесі ұстап тұрған көрінеді. Мұнда тұрғын үйдің 1 шаршы метріне 13 000 евро төлейді екен. Айтпақшы аталмыш көше француз астанасының орталық көшесі болғандықтан маңайында бизнес орталықтары, ойын-сауықтық мекемелер, сондай-ақ авиакомпаниялар бар екен. 4Төртінші орынды британдық New Bond Street алыпты. Көше атауы осы ауданның негізін қалаған Бондтың құрметіне қойылған екен. Ал осы ауланың тұрғындары пәтердің әрбір шаршы метріне 10 000 евро төлейді. 5Бесінші орынға Сиднейдің Pitt Street Mall көшесі табан тірепті. Аталмыш көшеде пәтер жалдаушылар апта сайын 450 доллар төлеп отырады екен. de1526

Ажар Сағатбекова

Дереккөз: "Өзгеше.kz"

Қатысты Мақалалар