24 жылда Қазақстанға миллионға жуық қазақ көшіп келді

/uploads/thumbnail/20170708162325308_small.jpg

"Қазақстанға тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері шетелден 950 мыңнан астам этникалық қазақ оралды" деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, 1991 жылдан 2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі аралықта 952 мың 882 этникалық қазақ (259 мың 159 отбасы) Қазақстанға оралған.

Ресми есеп бойынша, отанына оралған этникалық қазақтардың 61 пайыздан астамы - Өзбекстаннан, 14 пайыздайы - Қытайдан, 9 пайызы - Моңғолиядан, 7 пайызға жуығы пайызы - Түркіменстаннан, 4 пайыздан астамы - Ресейден, 3 пайыздан көбі өзге елдерден келген.

Оралмандар Қазақстандағы жалпы халықтың (17,4 миллион адам) 5,5 пайызы болып отыр.

Дереккөз: "Азаттық"

Қатысты Мақалалар