Текетірес фильмнің таныстырылуы өтті

/uploads/thumbnail/20171214155200537_small.jpg

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының арнайы дайындаған тележобаларының таныстырылымы өтті. Шараның басты мақсаты - телевизиялық бағдарламалар арқылы еліміздің ең бір қасиетті мерекесі Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын арттыру және қазақстандықтарды соңғы жылдары еліміздің жеткен жетістіктерімен кеңінен таныстыру, деп хабарлайды qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен дайындалған, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы қызмет құрылымдарының жанкешті еңбегін сипаттайтын «Текетірес» атты 4 бөлімнен тұратын телевизиялық көркем телехикая ұсынылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 25 жылдығына орай арнайы түсірілген туынды 18-19 желтоқсан күндері сағат 13:15-те 2 бөлімнен қатар көрсетілетін болады.

Қатысты Мақалалар