Барша қазақ елі үшін аса маңызды, тарихи мәні тереңде жатқан тәуелсіздік күнін ұлықтап жатыр. Бұл айтулы күн әрбір қазақстандық үшін ерекше мейрам. 26 жыл бұрын Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 26 жылда елдің әлеуметік, экономикалық, мәдени және саяси өмірінде көптеген оң өзгерістертер, игі бастамалар болды, түрлі салада зор жетістіктерге жеттік. Діңгегі берік ел құрылды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында көптеген мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Зайырлы ел атанғалы әрбір жеткен жетістікті, ілгерілеуді, дамуды сараптап, бағалау үшін жылда бір топ ел ағалары марапатталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның мәдени, рухани, әлеуметтік және саяси өміріне, сонымен қатар ғылым білім саласына еңбек сіңірген, өз септігін тигізген отандастырымызды марапаттайды. Білім мен елге деген шексіз махаббатпен қаруланған қайраткерлер Қазақстанның даму жолында аянбай тер төгу үшін жаңа күш алады.
Жылда бір топ қазақстандық 16-шы желтоқсанда құрбан болған жалындаған жастарды еске алады. Оларға арнап құран бағышталып, желтоқсан құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қояды.
Осы бір барша қазақ елі үшін қуанышты, бір уақытта ызғарлы қыс мезгілінде 16-шы желтоқсанда болған желтоқсан оқиғасы жүрекке мұң ұялатады. Жылда тәуелсіздік күні қыс та қаһарына мініп ауа-райы басқа күндерден ызғарлы болатын секілді.
Өткен күннен белгі бар демекші, Қазақстан тарихында бақытты, қуанышты, сол уақытта қайғылы күн ретінде қалған 16-шы желтоқсанды енді тек бейбіт елде ұлықтаймыз деген сенім бар.
Ұлттық деңгейде тойланатын Тәуелсіздік мейрамында қазақстандықтар 16,17,18,19 желтоқсанда демалады.
Пікір қалдыру