Алматыда Желтоқсан құрбандарының рухына Құран бағышталды

/uploads/thumbnail/20171217131035414_small.jpg

Алматыда Тәуелсіздік таңы монументінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, дүниеден өткен желтоқсаншылардың рухына Құран бағышталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. 

желтоқсаншы

Бүгін Алматыда Желтоқсан көшесінде орнатылған «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Алғаш болып, гүл шоқтарын Алматы қаласы әкімдігінің атынан Бауыржан Байбек бастаған мемлекеттік қызметшілер қойды. Одан кейін 1986 жылы желтоқсан қозғалысына қатысқандар және Қазақстан Жастар ұйымдарының атынан бір топ жастар гүл шоқтарын қойды. Осыдан кейін, Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының имамы 1986 жылы Желтоқсан қозғалысы кезінде дүниеден озған боздақтардың рухына арнап Құран бағыштады. Шарадан кейін Алматы қаласындағы «Жұлдыз» мейрамханасында ас берілді.

желтоқсаншы

«Желтоқсан бір жағынан қасіретпен еске алсақ, бір жағынан қуанышпен қарсы аламыз. Еліміз егемендігін алғанына қуанамыз. 31 жыл бұрын мен осы жерде болғанмын. Жігіттермен мен қыздарымыз өмірден өтіп кетті. Мен Дәулетбай батырдың ұрпағымын, әкемнің әкесі репрессияға ұшыраған. Бұл біздің ата-бабаларымыз аңсаған күн. Елімізді соғыстан сақтасын. Қазақ елі қазір тыныш, сол үшін қазақ бақытты. Қазақ жастары, спорттан, мәдениеттен, қай саладан болсын Көк байрағымызды желбіретіп жатыр», — деді желтоқсаншы Серік Мұхамедалин.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар