«Қыз Жібек» фильміндегі актер өмірден өтті

/uploads/thumbnail/20171217120557982_small.jpg

«Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков қайтыс болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тележүргізуші Қымбат Досжан өзінің инстаграм парақшасына жазды. 

 

Қазақтың Төлегені өмірден өтті... Қош бол , АҒА..

Публикация от Қымбат (@kymbatdoszhan)

Құман Тастанбековтың ең алғаш сомдаған рөлі — Қыз Жібек фильміндегі Төлеген болатын. Осы фильмнен кейін ол бүкіл қазаққа Төлеген ретінде танымал болды. Бұдан кейін де ол көптеген фильмдерге түсті және театр сахнасында да түрлі образдарды сомдады. Ол «Қазақстан Ленин комсомолы» сыйлығының иегері атанып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар