WBO орта салмағы бойынша әлем чемпион болған британдық Билли Джо Сондерс өзінің кезекті жеңісінен кейін Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Сондерс біраз уақыт бұрын канадалық боксшы Давид Лемьені жеңген еді.
«Головкин сен қайдасың? Мен сенімен рингте кездескім келеді. Головкин менен қашып жүр. Менен қашқақтағанды қой. Менде WBO белбеуі бар, менен осы белбеуді қолыңнан келсе алып көр», - деді Сондерс.
Еске сала кететін болсақ, Сондерс Ламьемен жекпе-жегі кезінде өзінің WBOорта салмағы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Аталған жекпе-жек Канаданың Лаваль қаласындағы Place Bell аренасында өтті.
Пікір қалдыру