«Алтын домбыра» айтысы тұңғыш рет Ақтөбеде

/uploads/thumbnail/20171217141523658_small.jpg

26 жыл болыпты-ау егеменді

Ел болып еңсе тіктеп оңалғалы

Жасымызды бір сығып жанардағы

Басымыздан қара бұлт жоғалғалы...

Ақындардың жырына арқау болған тұғырлы Тәуелсіздігіміз осындай шумақтармен қалын көрерменнің көңілін тербеп жатты. 

Үстіміздегі жылдың 14 желтоқсанында Ақтөбе қаласы «Өнер орталығындағының» концерттік залында «Жыр арқауы-Жаңғыру» атты Республикалық ақындар айтысы өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осымен жылдың қорытынды додасы болып, бәйгеге Алтын домбыра тігілетін айтулы шара осымен 6-шы мәрте өткізіліп отыр.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастырылуымен өткен бұл айтыстың Ақын, сатирик, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Президенті мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты - Көпен Əмірбек тізгінін ұстап, жүргізушілік етті.

Сондай-ақ, айтыста қара қылды қақ жарып қазылық қылған Қазақстанның халық ақыны, қазылар алқасының төрағасы Қонысбай Əбіл, Халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері – Əселхан Қалыбекова, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері – Қойшығара Салғараұлы, ақын, жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері – Мейірхан Ақдəулетұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының иегері – Жанат Аймұхамбетова, айтыскер ақын, 2014-жылғы алтын домбыраның иегері – Балғынбек  Имаш, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері – Қажығали Мұханбетқалиұлы сынды елімізге елеулі еңбек сіңірген аға-апаларымыз ақындардың бағасын беріп әділ шешімін шығарды.

ақын

Он ақынның екі айналымдағы жыр додасынан оза шығып, Бас бәйгені қанжығасына байлаған жетісудың жүйрігі Жандарбек Бұлғақов осымен екінші мәрте Алтын домбыра иегері атанды.

Бірінші орынды Алматы қаласынан келген Сырым Әуезхан, екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының атынан шыққан Жарқынбек Наушабек, үшінші орынды Астана қаласынан Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысова және Жамбыл облысынан шыққан Әсет Дүйсебаев иеленді. Сондай-ақ, орын алмаған барлық қатысушылар да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл айтысты өткізудегі басты мақсат ақындардың өрелі өнері, өрнекті сөздері арқылы Тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын көпшілікке паш ету, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақтың төл өнері, құдыретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру болып табылады.

Ел Тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін айтыстың басты тақырыбы еліміздің жетістіктері мен дамуы, сондай-ақ, егеменді еліміздің қалыптасу тарихы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар