БТА және Трамптың компаниясы: Әблязов пен Храпунов хикаясы

/uploads/thumbnail/20171217143408071_small.jpg

Осы аптада Bloomberg БТА Банкінің «жоғалған активтерін» іздеу, Әблязов және Храпуновтың отбасына «Атлант мұхитының екі жағынан» тағылған айыптар жайлы егжей-тегжейлі жазған. Батыстың өзге БАҚ-тары Қазақстан интернетті бақылауды күшейтті және телеаудитория үшін таласта Ресейден ұтылып отыр деп жазған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеп жазады.


Әблязов пен Храпуновтың хикаясы

Американың Bloomberg жаңалықтар агенттігі БТА банкінен жоғалған ақшаны іздеу шараларына қатысты тексеру мен оның бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовке және Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың отбасына тағылған айыптарды жан-жақты сипаттаған «Қазақстандық банктен жымқырылған миллиардтардың бір бөлігін жасыру үшін Trump SoHo-ны пайдаланған ба?» деген көлемді мақала жариялады.

трамп

«Қазақстандық БТА сегіз жылдан бері үш құрлықта бұрынғы төраға Мұхтар Әблязовке қарсы заң тұрғысынан соғыс жүргізіп келеді. Бұл - қастандық қатері, Қазақстан үкіметінің компьютерлерін бұзу және банктің кемі төрт миллиард активі жетпейді деген мәлімдемелер жасалған қақтығысты қамтиды. Қазір Атлантиканың екі жағында [мысалы, Лондон мен Нью-Йоркте] қаралып жатқан сот істері әлгі активтердің кейбірі Дональд Дж.Трамптың бұрынғы қызметкерлері салған жылжымайтын мүлікте жасырылған жоқ па деген сұраққа жауап беруі мүмкін» деп жазған Bloomberg.

Сот құжаттарында тіркелген кей болжам деректерге сәйкес, Мұхтар Әблязов өзінің күйеубаласы әрі Виктор Храпуновтың асыранды баласы Ілияс Храпуновтың көмегімен Trump SoHo ғимаратынан жылжымайтын мүлік сатып алған. Bloomberg назарына іліккен іске қатысты жайттардың бірі - Женевада құрылған Swiss Development Group SA фирмасы британдық соттардың активтерді бұғаттау туралы қаулыларын айналып өту үшін пайдаланылды деген болжам.

«Бұл істер Трамп пен оның серіктері Шығыстан инвестиция іздеген кейінгі 10 жыл ішінде Қазақстан мен АҚШ арасында ақша ағыны қалай жүрді деген сұрақтың бетін ашуы мүмкін. Трамптың сайлау штабы мүшелері АҚШ-та 2016 жылғы президент сайлауына ықпал ету үшін Ресеймен сөз байласқан деген күдікті тексеріп жатқан арнайы прокурор Роберт Мюллер [АҚШ президенті Дональд Трамптың] бұрынғы кей серіктерінің заңсыз ақшаның ізін жасыру және өзге де қаржылық қылмыстарына қатысты айғақтарды зерттеу кезінде осы кезеңді де қарастырып жатыр» деп жазған Bloomberg.

Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың отбасы әлгі айыптардың саяси астары бар, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін сынағанымыз үшін қудалауға ұшырадық деп есептейді.

Bloombergтің жазуынша, Әблязовтің саяси себеппен қудалау туралы мәлімдемесін БТА директорлар кеңесінің қазіргі төрағасы, бұрынғы премьер әрі Қазақстанның Ресейдегі қазіргі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің күйеубаласы Кеңес Рақышев «далбаса әрі мен үшін ең үлкен проблема» деп атаған. Bloomberg Рақышевтің «Бірақ менің міндетім – активтерді қайтару. Бұл істің бизнеске қатысты бөлігі түсінікті әрі қарапайым. Егер Әблязов ақшаны заңды жолмен тапқанына сенімді болса, мұны сотқа келіп дәлелдеуі тиіс» деген сөздерін келтірген.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар