Британдық танымал The Guardian басылымы: "Посткеңестік әлем: сіздерге 15 мемлекет туралы не білу қажет" деген тақырыппен бұрынғы кеңес одағы елдері туралы материал жариялады. Қазақстанды сипаттаған тұста елдегі ең танымал тұлғалар қатарына ұлы император деп Шыңғысханды және ойдан шығарылған кейіпкер деп Боратты қосқан.
"Қазақстан Орталық Азиядағы көркейіп келе жатқан мемлекет. Жылдық экономикалық өсімі орта есеппен 10 пайыз", - деп жазады The Guardian.
Сондай-ақ, басылым соңғы жылдары Қазақстанда байлар мен кедейлер арасының алшақтап бара жатқанын да жазған.
Ал Өзбекстанның танымал тұлғалары қатарына тек Гүлнара Каримова жазылса, Арменияның танымал жұлдызды деп америкалық әнші Шерді қосыпты.
"Nur.kz"
Пікір қалдыру