Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев сахнада қақиып тұратындардың қатарында. Есесіне халық оларды жүрегінен шығып жатқан әндері үшін ерекше бағалайды.
Соңғы уақытта Қайрат Нұртасты да көпшілік сезімге толы әнші деп атайды. Алайда оның иығын қиқаңдатып билейтін биі мен ешқашан тастамайтын көзілдірігі хитке айналған. Бұл сиқыр ма, әлде басқама оны Қайрат Нұртастың өзі ғана біледі.
Сиқыр демекші халықты әнімен қарату аздық ететінін түсінді ме, "чип-чип" атанып кеткен әнші Асхат Тарғынов өзгеше бір би қимылын қосыпты. Бір қарағанда ебедейсіздеу көрінеді. Алайда, әнімен атағы шыққаннан кейін бе одан халық үнемі жаңалық күтеді. Халықты өнеріне табындыру үшін бұл да Тарғынов мырзаның ойлап тапқан айла амалы. Әзірге тыңдармандары жап - жақсы қабылдап жатыр. Ал Майра Ілиясова халықтың не қалайтынын жақсы біледі. Өзі де кәсіби әртіс болғаннан кейін жиі-жиі топ құрады. Қасы, көзі қиылып қана қоймай, қылмиып ән айтатын сұлуларды да жинап көрді тобына. Алайда қиғаш қастар әлі де танымал бола алмай жатыр.Құрамы осымен үш рет өзгерген "Ерке" тобының қыздары кәсіби бишілер. Сахнада өздерін еркін ұстайтыны көрініп тұр.
Көп әншінің ішінде жоғалып кетуден қорқатын әнші Өмірқұл Айниязов сахнаға шыққан бетте бірден қолын сермеп, басын шайқап, аяқтарымен жиі би билейтін болған. Бұл оның жүрекпен ғана емес, бүкіл дене бітімімен қосып орындап тұрғанын аңғартады. Содан кейін адам мән бермей көрсін. Бұл да шоу - бизнестің үйреткен тәсілі.
Жасыратыны жоқ, Өмірқұл жанды дауыспен ән шырқаған кезде қолдарын ебедейсіз сермей береді. Әнін баурап тыңдап отырған халықты бір сілкіндіру үшін айғайлап-айғайлап та алады.Ал, Ұлықпан Жолдасовтың әнінен гөрі шашы мен тұрпаты елді елең еткізетіні сөзсіз. Бұл оның басты көзірі. Онымен қоймай оның гитарамен теңселіп тұрған әні талай жанның жүрегін баурады.
Бүгінде "Батыс" тобын сахнаның серкелеріне айналдыру үшін көп еңбек етіп жүрген продюсер топ мүшелеріне көңілді әндерді репертуарларына қосуда.
Дереккөз: "31" телеарна
Пікір қалдыру