Аудандағы қылмыстық жағдайды талдау бойынша жыл басынан 32455 құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 12 741 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша (2016 жылы – 14 235). Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстарды ашу 23,1%-ға жақсарды, - деп хабарлады аудан әкімі Жасұлан Естенов Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Аудан басшысының мәліметінше, бейнебақылау көмегімен 303 қылмыс ашылып, 2644 құқық бұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 6 474 бейнебақылау орнатылған, оның 2785 тұрғын үйлердің подъездерінде. Бұл жұмыстардың барлығы қауіпсіз қаланы қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар жабайы сауданы жою аясында 200 рейд жүргізілді. 42-ден астам заңсыз салынған құрылыс бұзылды. Одан бөлек, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204 бабына сәйкес «Белгіленбеген жерлерде сауда жасау» бойынша 1689 хаттама толтырылып, 2,5млн.тг. айыппұл салынды,- деп мәлімдеді Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов өз сөзінде.