АҚШ-та Қазақстан азаматын 15 жылға соттады

/uploads/thumbnail/20171221163404530_small.jpg

Нью-Йорктің Бруклин федералдық соты Қазақстан азаматы, Нью-Йоркте тұратын Ахрор Сайдахметовті  ДАИШ экстремистік ұйымына материалдық көмек көрсетпек болып, астыртын сөз байласты деп айыптап, 15 жылға соттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап.

АҚШ әділет министрлігінің хабарлауынша, Сайдахметовке үкім 20 желтоқсанда шыққан.

«Ахрор Сайдахметов ДАИШ атынан жиһадқа қатысуға Сирияға бармақ болғаны, Сирияға жете алмаған жағдайда АҚШ-та құқық қорғау қызметкерлерін өлтіруді мақсат еткені үшін жауапқа тартылып отыр» деп мәлімдеді Нью-Йорктің Шығыс округінің прокуроры міндетін атқарушы Бриджит М.Роде сот процесінде.

21 жастағы Ахрор Сайдахметов 2015 жылы ақпанда Нью-Йорк әуежайында ұсталған. АҚШ билігінің мәліметінше, Сайдахметов Түркияға баратын рейске отырып, одан ары Сирияға кетпек болған.

АҚШ әділет министрлігі биыл 19 қаңтарда Сайдахметов айыбын мойындағанын мәлімдеген.

АҚШ-та бұл іс бойынша Өзбекстанның үш азаматы сотталып жатыр. АҚШ билігі оларға АҚШ тұрғындарын ДАИШ-қа қосу мақсатымен Сирияға жөнелтпек болып ақша жинаған деген айып таққан.

Әділет министрлігі Ахрор Сайдахметов жазасын өтеген соң АҚШ-тан шығарылатынын айтады.

Қатысты Мақалалар