Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты қазақстандық операторлар Кселл мен Tele2 арасында дау туғызған баннердің заңды екенін мәлімдеді. Бұл туралы Tele2 баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Қазақстан жаңалықтары" хабарлайды.
Даудың басы Әл-Фараби көшесінде орналасқан үйдің қабырғасында "Кселл" акционерлік қоғамы және "Теле2" акционерлік қоғамы қатар ілінген жарнамалық баннерлерінен басталды.
"Кселл" акционерлік қоғамы мен А.Шин деген азаматтың пікірінше, сырт көзге қарағанда жарнамадан "Кселл" акционерлік қоғамы "теле2" компаниясын ұсынады деген мағынаны аңдауға болады.
Осыған байланысты "Кселл" акционерлік қоғамы компаниясы, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Теле2) компаниясының антижарнамалық әрекетіне шағымданып, сотқа арыз түсірген болатын.
Сот аталған баннерден антимонополиялық заңнаманы бұзу дерегі жоқтығын, бұл слоганды орнатуға заң бойынша тыйым салынбағанын айтты.
"Біз мұндай кезде дауды әкімшілік тәсілмен шешуге қарсымыз. Қарсыластарымыз бізден ақылы мен шығармашылығының арқасында асып кетсе, онда оны лайықты жауап деп санаймыз", - деді Қазақстан "Теле2" басқарма төрағасы Пиетари Кивикко.
newskaz.kz
Пікір қалдыру