Танымал Badlefthook.com бокс сайты Билли Джо Сондерс пен Давид Лемье кездесуінен кейін әлемдегі ең мықты орта салмақтағы боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Үздік ондықтың басында қазақстандық боксшы Генадий Головкин тұр. Екінші орынға оның соңғы қарсыласы Сауль Альварес жайғасқан. Үшінші орынға да Головкинның ежелгі экс-қарсыластарының бірі Дэниэл Джэйкобс табан тірепті.
Рейтингтің одан арғы көрсеткіші төмендегідей:
4. Билли Джо Сондерс
5. Сергей Деревянченко
6. Риота Мурата
7. Джермалл Чарло
8. Деметриус Андраде
9. Давид Лемье
10. Туреано Джонсон.