БҰҰ Бас ассамблеясы АҚШ-тың Иерусалимге қатысты шешімін мойындамау жөнінде резолюция қабылдады. Құжатқа 128 ел дауыс берген, қарсы болғандар саны – 9, ал 35-і дауыс беруден тартынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Резолюцияға қарсы шыққандар – АҚШ, Израиль, Гватемала, Гондурас, Маршалловы острова, Микронезия, Науру, Палау, Того. Ал Аргентина, Бенин, Канада, Хорватия, Латвия, Румыния және басқалары дауыс беруден бас тартқан. Одан бөлек 20 мемлекет дауыс беру шарасына мүлдем қатыспаған.
Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ БА резолюциясын қолдаған мемлекеттерге қаржылай көмек көрсетуден бас тартатынын мәлімдеген.
Қабылданған құжатқа сәйкес, «қасиетті Иерусалим қаласына қатысты мәртебе мен мінездің, демографиялық құрамның өзгеруіне әкелетін кез келген шешімнің заңдық тұрғыдан күші жоқ».
Айта кетейік, 2017 жылдың желтоқсанының басында Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде мойындап, америкалық елшіліктің Тель-Авивадан сонда көшетіні туралы құжатқа қол қойған. Трамптың бұл шешімі Таяу Шығыс пен Палестина елдері бастаған көптеген мемлекеттің наразылығын тудырды.