Жаңа жылды тойламайтын мемлекеттер (фото)

/uploads/thumbnail/20171222114848478_small.png

Желтоқсан басталысымен Қазақстанмен қоса өзге мемлекеттер Жаңа жылды қарсы алу дайындығына кірісіп кетеді. Сөйтіп желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні отбасы болып немесе ағайын-туыс жиналып келесі жылды қарсы алады. Күнтізбедегі күн ауысқанымен мұны Жаңа жыл ретінде есептемейтін, атап өтпейтін мемлекеттер де бар. Солардың біразына шолу жасап көрелік.

Сауд Арабиясы

Жаңа жыл

Мұсылман күнтізбесі бойынша Жаңа жыл 21 наурызға, қасиетті мухаррам айының бірінші күніне сәйкес келеді. Жыл санау Мұхаммед пайғамбардың және Меккенің алғашқы мұсылмандарының Мединаға көшірілген уақытынан басталған (622 жылдың 16 шілдесі).

Сол себепті Сауд Арабиясында Жаңа жыл тойланбайды. Оның үстіне, күннің ауысуын мереке ретінде атап өту исламға жат болып есептеледі.

Израиль

Израиль жаңа жыл

Израильде 1 қаңтар әдеттегі жұмыс күні ретінде өтеді. Алайда олардың өз Жаңа жылы күзде, еврей күнтізбесіне сәйкес тишрей айының басында тойланады. Ол қыркүйек немесе қазан айларына сәйкес келуі мүмкін. Бұл мереке елде Рощ Ха-Шана деп аталады. Мерекені тұрғындар екі күн атап өтеді.

Иран

Иран Жаңа жыл

Иран өзінің жеке күнтізбесімен өмір сүретін мемлекет. Иран күнтізбесі немесе күн хижрасы – Омар Хайямның қатысуымен жасалған астрономиялық күн күнтізбесі.

Иранда Жаңа жылды күнтізбеге сәйкес көктемнің алғашқы күнінде тойлайды. Бұл күн елде 22 наурызға сәйкес келеді. Мереке Норуз деп аталады.

Үндістан

Үндістан Жаңа жыл

Үндістанда Жаңа жылды қарсы алудың түрлі нұсқаларын кездестіре аласыз.

Үндістан күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурызда басталады. Махараштр штатында оны Гуди Падва деп атаса, Андхра Прадеш штатында мереке Угади деп аталады. Керал штатында Жаңа жылды 13 сәуір қарсы алады. Оңтүстік Үндістанда Дивапали деп аталатын Жаңа жыл меркесін күзде тойлайды.

Қытай

Қытай Жаңа жыл

Қытайда 1 қаңтар ресми мемлекеттің мейрам болғанымен, өз Жаңа жылын басқа күні тойлайды. Бүгінде Қытай халқы ол күнді мереке деп есептемейді.

«Юань-дань» - жаңа жылдың алғашқы күні («юань» - «алғашқы» мағынасын берсе, «дань» - «күн» деген мағынаны береді). Жаңа жылды Қытайда XX ғасырға дейін  айға қарап есептеген, Юань-дань мерекесін алғашқы айдың бірініші күнінде атап өтетін.

Вьетнам

Вьетнам Жңаң жыл

Вьетнамдық Жаңа жыл Тет деп аталады. Ол мемлекеттің басты мейрамдарының бірі болып саналады және қаңтардың соңы мен ақпанның басында тойланады. Жаңа жыл ай күнтізбесінің алғашқы айының бірінші күніне сәйкес келеді.

Тұрғындар үшін Жаңа жыл – нағыз отбасылық мереке. Бұл күні шет елде жүргендер үйлеріне қайтып, туған-туыстарының жанында болуға тырысады. Әрі Тет бір аптаға созылуы мүмкін.

Бангладеш

Бангладеш Жаңа жыл

Бангладеште Жаңа жыл 14 сәуірде басталады. Адамдар ұйқыларынан ерте оянып, сәнді киініп, қыдыруға шығады. Бангладеш заңына сәйкес бұл күні ішімдік ішілмейді. Адамдар бір-бірімен араласады, ән шырқайды, сурет салады, билейді, суретке түсіреді, уақыттарын отбасылық атмосферада өткізеді. Алайда 1 қаңтар да ресми мереке ретінде саналады.

Оңтүстік Корея

Оңтүстік Корея Жаңа жыл

Оңтүстік Кореяда 1 қаңтар – күнтізбедегі қызыл күн. Бұл күні көше шыршалармен безендіріледі. Алайда тұрғындар 1 қаңтарды мереке ретінде емес, демалыс ретінде күтеді. Отбасымен уақыт өткізуге асығады, ата-бабаларын еске алу рәсімі өтеді.

Қатысты Мақалалар