Қазақстандық бойжеткен Нью-Йоркте көз жұмды

/uploads/thumbnail/20171222152511918_small.jpg

28 жастағы Қазақстан азаматы Нью-Йоркте болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапты. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қайғылы оқиға болды. Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттар мерт болған бойжеткеннің туыстарымен тығыз байланыс орнатып, оның мәйітін Қазақстанға жеткізу бойынша көмек көрсетуде», - деді баспасөз қызметі. Ведомство оқиғаның мән-жайын ашып айтпады. Басқа да деректерге қарағанда, бойжеткен қыз Нью-Йоркте жұмыс істеп жүрген. 

Қатысты Мақалалар