Ағымдағы жылы Түрксіб ауданында 1619 адам өлімі тіркелген

/uploads/thumbnail/20171222172243560_small.jpg

Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин 11 айлық есебінде баяндады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан басшысының сөзіне сүйенсек, ауданда 11 денсаулық сақтау нысандары орналасқан, оның ішінде 7 қалалық емхана және 4 стационарлық мекеме.

Жұмыс тобымен ауданның 49 кәсіпорынында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін ендіру туралы түсіндірмен жұмыстары жүргізіліп (3 222 адам қамтылды) және 181 кездесу өткізілді (150 000 адам қамтылды).

2017 жылдың 11 айлық есебі бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету – 16 326, оның ішінде мемлекеттік корпорация «Правительство для граждан» бойынша - 11 451, «Egov» электронды үкімет порталы бойынша – 2428 жалпы 13879 қызметті іске асырды немесе 85% орындалды. 11 ай ішінде туу - 4674, өлім - 1619, некеге тіркелгендер – 2532, ажырасу - 1265, әке болуды белгілеу - 509, асырап алу - 12, азаматтық хал актілерін жазуды қалпына келтіру - 67, азаматтық атын өзгерту - 179, түзету жасау, өзгерту, қосымша бойынша - 303 қорытынды жасалды. Бөлімдегі мамандар 63 сот ісіне қатысты.

Мемлекеттік бюджетке – 13 344 198,1 теңге көлемінде салық төленді,- деп хабарлады аудан әкімі Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қатысты Мақалалар