Қырғызстан Президенті Жээнбеков ресми сапармен Астанаға келеді

/uploads/thumbnail/20171222172342313_small.jpg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан билігінің шақыруымен 25-26 желтоқсанда ресми сапармен Астанаға келеді. Бұл туралы Бішкекте журналистерге Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожаева хабарлады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеп жазады. 

Субакожаеваның айтуынша, сапар барысында Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Оның сөзіне қарағанда, сапар барысында екі ел басшылары Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылайды.

26 желтоқсанда Сооронбай Жээнбеков ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Мәскеуге барады. «Бейресми кездесуде тараптар күн тәртібінде тұрған халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмаспақ» деді Айзада Субакожаева.

Өткен аптада Жээнбеков Өзбекстанға мемлекет басшысы ретінде рет ресми сапармен барған.

Қатысты Мақалалар