Маңғыстау облысында ІІД басшысы ауысты

/uploads/thumbnail/20171223130922721_small.jpg

Ішкі істер министрінің бұйрығымен  Маңғыстау облысы  ІІД басшысы  қызметіне полиция полковнигі Таймерденов Қанат Таймерденұлы  тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lada.kz мәліметіне сүйеніп.

Жеке құрамға облыстың жаңа ІІД басшысын Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов таныстырды.

Қанат Таймерденов 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Бұған дейін Алматы ІІД басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.  

2013 жылдан бері Маңғыстау облысында ІІД басшысы болған Қайрат Дәлбеков Оңтүстік Қазақстан облысына ауысты.

Қатысты Мақалалар