Вашингтон Украинаға тұтастығы мен егемендігін қорғау мақсатында қорғаныс қаруын жеткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі reuters.com сайтына сілтеме жасай отырып.
Дереккөзде көрсетілгендей, Вашингтон мұндай қадамға Украинаның шығыс бөлігіндегі сепаратистік шабуылдарды жоюға көмектесу үшін барып отыр.
«Біз тек қорғаныс жағынан көмек көрсетіп отырмыз және де Украина егеменді ел болып табылады, сондықтан да олар өздерін қорғауға толық құқылы», - делінген департамент мәлімдемесінде.
Бұл шешім Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтауға және де одан әрі агрессияны тоқтату үшін қабылданған.
Алайда, қандай қорғанысты нығайту қажеттілігі талқыланбаған.
Айта кетер болсақ, АҚШ мемлекеттік департаментінде жергілікті БАҚ өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға танкке қарсы зымырандарды сату жоспарын мақұлдағандығы туралы жазған болатын. Қорғаныс құралдарының жалпы сомасы 47 миллион долларды құрайды. Оның құрамында 210 танкке қарсы зымыран мен 35 ұшыру қондырғысы бар.