Қытай билігі адамдарды бақылаудың озық технологиясын көрсетті

/uploads/thumbnail/20171225111924510_small.jpg

Көшеде орнатылған камера саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Онда 170 миллион  камера бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі rusmonitor.com-ға сілтеме жасап.

Қытайда адамдарды кім екенін анықтайтын технология мен бейне бақылау жүйесі өте жақсы дамыған. Анықтау жүйесі небәрі 7 минуттың ішінде ВВС репортеры Джон Судуорттың кім екенін анықтап берген.

Қытай соңғы бірнеше жылда аталған техника үшін көп қаржы жұмсады. Олар полицейлердің жұмысын жеңілдетті.

Халықты бақылаудың бұл түрін жеке кәсіпорындар өз қызметкерлерін бақылау үшін пайдаланады. Алайда сыншылар үкіметтің мұндай бақылау жүйесін өз мақсаты үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.

Қазір Қытайда 170 миллион камера болса, билік 2020-шы жылға қарай олардың санын 3 есеге көбейтіп,  қосымша 400 миллион  орнатпақшы.

Қытай билігі бейне бақылаумен қоса адамның жүзі арқылы, оның аты-жөнін, жасын және т.б. маңызды ақпарат білу технологиясын қолданады.

Қатысты Мақалалар