Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша отандық БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктегі парақшасы хабарлады.
Кездесу барысында Елбасы журналистердің өзекті сұрақтарына жауап берді.
«Жақында маған біреу хат жазды. Онда «Назарбаевқа ескерткіш орнатудың қажеті жоқ» делінген. Мен онымен толық келісемін. Мұның бәрі бос әурешілік. Қашан да бұған қарсы шығамын.
Тек университеттің Назарбаев атымен аталғанына келіскенмін. Ондағы мақсатым – университетті мемлекет пен билік қолдауы керек еді. Ал бұрын-соңды ондай болмаған. Бұл өзге жоғарғы оқу орындарына үлгі бола алатын алдыңғы қатардағы университет.
Өзгесінің бәрі жергілікті биліктің шешімі. Әрине, бұйрық беріп, бәріне тыйым салуым мүмкін. Қазақстан азаматтарына бұлай істеудің қажеті жоқ деп ылғи айтып отырамын. Керек емес! Ел сенің істеген әрекетіңді бағалап, сонымен есіне алу керек. Ескерткіштер орнату арқылы емес, өз ісіммен ел есінде қалғым келеді», - дей келе журналистің Фурманов көшесінің Назарбаев деп өзгеруіне қатысты сауалына жауап қатты.
«Алматы – менің туған қалам. Бәрі үшін рахмет. Дегенмен қажеті жоқ еді», - деді мемлекет басшысы.
Пікір қалдыру