Елбасы: Қазақстан ең көп келісімшартты Қырғызстанмен жасасқан

/uploads/thumbnail/20171225180528922_small.jpg

Бүгін Елбасы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен өткен кездесуде екі елдің ежелден келе жатқан достастығы мен ерекше қарым-қатынасы жөнінде атап өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

-Біз Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы бізді де, сіздерді де алаңдатқан мәселелердің шешімін таптық. Сондықтан бүгінде біз тағы да қандай шаралар жасау керектігі жөнінде пікір алмаса аламыз, деп бастады сөзін Нұрсұлтан Назарбаев. Ол айтарын орыс тілінде бастап, Сооронбай Жээнбековке сөз берді. Алайда Жээнбеков қырғызша жауап қатты:

-Ең алдымен сізге рахмет айтқым келеді. Қазақ бауырларымыз самолеттен түскен кезден бастап, алдан жылы меймандостықпен күтіп алды. Мұның барлығын келе сала сезіп жатырмыз, көп мәселелерді бірге шешеміз жақсы айтып кеттіңіз, дей отырып қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселе, фитосанитарлық-ветеренарлық және салық бойынша бірқатар күрделі сұрақтардың сәтті шешімін тапқандығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақтардың арасында көпшілігі қырғыз тілін түсіне бермейді, сондықтан менің орыс тілінде сөйлегенім де сол», деп Жээнбековты қолдап отырды.

Елбасы: -Екінші рет кездесіп отырмыз. Осы уақытқа дейін көптеген шешілмеген мәселелер болды. Сіздің жағымыздан да, біздің жағымыздан да биылғы кездесуіміз екі елдің арасындағы дипломатиялық кездесуіміз Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы ежелден келе жатқан достық-бауырлық, көршілік қатынасты нығайтуға септігін тигізді. Екі ел арасындағы келісімде көрсетілгендей,  достық, стратегиялық қарым-қатынас деген ұғымдар бар. Осылайша екі елдің арасындағы қарым-қатынастың жаңа парағын ашамыз деп сенемін.

Жиырма бес жылдың ішінде екі елдің тәуелсіздігі нығайды. 150 құжатқа қол қойылды, ондай құжаттық база ешкімде жоқ шығар деп ойлаймын. Сондықтан мұндай қарым-қатынас басқа елдердің арасында жоқ, тек біздің мемлекеттер арасында бар. Осыншама  құжаттарға, келісім шарттарға қол қойылды. Сондықтан кейбір жағдайларды артқа тастап, тек алға қарай ұмтылуымыз керек. Мен өзім оған әбден дайынмын.

Назарбаев: - Мына жерде отырған азаматтардың барлығы түсінуі үшін «международный языкке» көшейік, деп әзілдеп сөзін әрі қарай жалғады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар