Әйгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова өзінің instagram парақшасына осы уақытқа дейін Қайратты айына 1-2 рет қана көретінін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жұлдыз өз парақшасында: "Қалайсыздар?... Мен үй шаруасынан, бала-шағаның тірлігінен, күйеуімнің тірлігінен, Астанамның ауа-райынан шашылып қалдым, инстаграмм әлемі жайында қалды. Астанамызда етіміз үйренген аяз жоқ. "Человек к хорошему быстро привыкает" - деген рас екен. Бір ай көлемінде тыныштыққа, тынығып, жігітімнің қасында жүргенге, күнде ғой (осы уақытқа дейін айына 1-2 рет көретінмін) есім шығып, үйренісіп қалыппын. Соның өзі бізге бір жақсы көңіл күй, жаңа серпіліс пен жігер әкелді десем болады",- деп жазды.
Жазбаның астына қыз-келіншектер: "Мен күйеуімді қатты қызғанамын, менің күйеуім Қайрат Нұртас сияқты болса, елестете алмаймын. Жұлдызға ризамын шыдамдылығына" деп жарысып пікір жазып жатыр.
Пікір қалдыру