Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды (көбінесе қар) болады. Республиканың басым бөлігінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 18-23 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-ға дейін жетеді.
Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с-ға дейін жетеді, Павлодар облысында бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Батыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейуі күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Пікір қалдыру