Ауа райының күрт құбылуына (көктайғақ) байланысты 5 облыста автожолдар жабылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелді. Павлодар облысында республикалық маңызы бар «Павлодар - Шарбақты» (0-112 км, Павлодар - РФ шекарасы) автожолында, Павлодар - Қарағанд және Павлодар - ШҚО шекарасы бағыттарында жолдар автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт қиындауына байланысты (қар, көктайғақ) республикалық маңызы бар «Омбы - Майқапшағай» (585-733 км, Павлодар облысының шекарасы - Семей) автожолы көліктің барлық түрі үшін жабылды.
Бұдан тыс, облыстық маңызы бар «Семей - Курчатов» (4-130 км) автожолы учаскесіндегі қозғалыс көліктің барлық түрі үшін шектелді. Ақмола облысында автокөліктің барлық түрлері бойынша республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы кентінен Қарағанды облысына дейінгі аумақ, 1330-1353 км) тас жолында қозғалыс шектелген.
Алматы облысында республикалық маңызы бар Алматы - Өскемен жолының 558-615 километрлері аралығындағы учаске жолаушы және жүк автокөліктері үшін жабық.
Пікір қалдыру