Облыс әкімі Даниал Ахметов этномәдени ұйымдарының өкілдерін жаңа қоныстарымен құттықтады. Достық үйінің жаңа ғимараты – Металлургтер мәдениет үйіне арнайы барған аймақ басшысы аралап көріп, жиналғандармен жұмыс жоспарын талқылады. Сондай-ақ, бірлестіктердің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
ШҚО әкімі кабинеттерді аралап, материалдық-техникалық жабдықпен танысты. Кездесуге қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдаған Даниал Ахметов аймақты одан әрі дамыту, ең бірінші, бұқараның күш-жігерін біріктіру арқылы ғана жүзеге асатынын ерекше атап өтті.
- Сіздерді жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Жаңа жерде жақсы жайғасыпсыздар. Металлургтер мәдениет сарайы - үлкен ғимарат, 6800 шаршы метр. Ұрпақтардың сабақтастығын қамтамасыз етейік, осында балаларыңызды, немерелеріңізді шақырыңыздар, - деді Даниал Ахметов. - Сондай-ақ, дәстүрлі түрде Достық үйінің бастамасы бойынша жыл сайынғы есеп беру фестивальдерін, концерттерін өткізейік. Халық сіздердің жұмыстарыңыз туралы көріп, білетін болсын.
Айта кету керек, Металлургтер мәдениет сарайының ғимараты этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне Қазақстандағы алғашқы Достық үйінің 25 жылдығында сыйға тартылды. Ширек ғасыр ішінде ол облыстың ғана емес, бүкіл республикадағы ұлттық мәдениетті дамытып, дәстүрлерді дәріптеуге үлкен үлес қосты.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру