Бүгін түнгі 2-лер шамасында Қарағанды облысында боранда адасып кеткен 11 адамнан тұратын отбасы құтқарылды. Олардың ішінде 4 бала, 3 айлық сәби болған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпарат-қа сілтеме беріп хабарлайды.
Ауыл әкімі мен полицейлер, құтқарушылар отбасыны 25 желтоқсан таңғы сағат 7-ден бастап іздеген.
«11 адамнан тұратын отбасы екі көлікке мініп Балқаш қаласына қарай Ақтоғай ауданындағы Абай ауылынан шыққан. Қатты тұманның кеісірінен жолда адасып кеткен олардың жанармайлары да таусылып қалған. Көліктердің бірінде 4-5 жастағы балалармен қоса, 3 айлық сәби де болған»-,дейді ТЖ департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Жақын жердегі төмпешікке шығып туыстарына қоңырау шалған отбасы мүшелері құтқарушылар мен полицияның көмегі арқысында құтқарылған.
Тек бүгін 26 желтоқсанда ғана адасып кеткен отбасы Қарасу ауылынан 90 шақырым жерден табылған. Әбден тоңып қалған оларды құтқарушылар Балқаш қаласына жеткізген.
Пікір қалдыру