Назерке Әріптің әпкесі Жоғары сотқа өтініш жасады

/uploads/thumbnail/20171009132927489_small.jpg

Назерке Әріптің туған әпкесі Жазира Сыбанбаева Facebook әлеуметтік желісінде жоғары соттан сіңлісін өлтірген қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрап жазба қалдырған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Назерке таксиге отырған. Көлікті күдікті Исхаков Курбан жүргізген. Қылмыскерді іздеу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен туыстарымыз келсе де оны ұстау үшін көп уақыт кетті. Исхаков Курбан бұған дейін 3 рет сотталған. Оның ішінде кісі өлтіру айыбы да бар, бірақ шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан. Исхаков Курбан Назеркені Кенсайдағы зиратқа апарып өлтіргені анықталды. Назеркенің денесі 2 ай бойы күннің астында жатып, бұзылған. Соңғы тыңдауда Исхаков Курбан 3 айыппен (зорлау, қасақана кісі өлтіру, мүлкін таптыр алу) келіспейтінін айтып, тек өлтіргенін ғана мойындаған. Біз оның заңға сәйкес өз жазасын алатынына үміттенеміз. Ол бұрынғыдай жақсы тәртібі үшін ерте босап шығамын деп үміттеніп отырған шығар. Себебі бұрында солай болды ғой! Қыздың өмірін ойран етті! Ол түрмеден шыққаннан кейін қайта осындай қасіреттің қайталануы мүмкін бе? Біз оның өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраймыз!» деп жазды Жазира Сыбанбаева.  

Айта кетейік, 18 жастағы алматылық Назерке Әріп 10 маусымда сағат 16:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Тек 6 қыркүйекте қыздың өлі денесі Кеңсайдағы зираттың маңынан табылды. Назерке Әріптің өліміне қатысы бар күдікті ұсталды. Күдікті Алматы облысы Талғар ауданының 1984 жылғы тұрғыны. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД Қылмыстық полиция басқармасының бастығы, подполковник Жанболат Зиадин хабарлады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар