«Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тизері жарық көрді

/uploads/thumbnail/20171118111849984_small.jpg

«Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тизері жарық көрді, бұл туралы Qazcontent АҚ Басқарма төрағасы Е.Д.Кочетов өзінің фейсбук парақшасында хабардар етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен, «Qazcontent» АҚ «Қиырдағы қазақтар» фильмінің тизерін назарларыңызға ұсынады. «Қазақстан тариxы» интернет-порталының жетекшісі Олжас Беркінбаев пен жоба ұжымы қыруар шаруаны бітіріп, мыңдаған шақырымдарды артқа тастап, өзге елдегі қандастарымыздың тыныс-тіршілігін көрсеткісі келуде. 

Деректі фильмнің басты мақсаты шетелдегі қандастарымыздың тыныс-тіршілігін көрсету.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың шілде айында ақпарат министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен шетелдегі қазақтардың тариxы мен күнделікті өмірлерін көрсететін ауқымды жобаның басталғанын мәлімдеген брифинг өткен еді. Сол уақыттан бері алыс-жақын шет елдерде түсірілім жұмыстары жүргізілді.

Жуық арада фильмнің бірінші сериясы жарыққа шығады, алғашқы тоқтаған ел Ресей. Фильм келер жылы Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия елдерінде өз жалғасын табады деп күтілуде.

Қатысты Мақалалар