Қазақстанның үш облысына байланысты ескерту жарияланды

/uploads/thumbnail/20171227092050462_small.jpg

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. 27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Бұған дейін хабарланғандай, 27 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады; тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді. 

Қатысты Мақалалар