Алматыда автокөліктерді ұрлаған Қырғызстан азаматы ұсталды

/uploads/thumbnail/20171227113054098_small.jpg

Алмалы ауданының ІІД Қырғызстан Республикасының 1992 жылғы, тұрғылықты тұратын орны жоқ азаматын «автокөлік ұрлығын жасады» деген күдікпен қолға түсірді, деп деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Тергеу ақпаратында көрсетілгендей, М. атты бұрын сотталған, Қырғызстан азаматы Алматыға нәпақа табу мақсатында келген. Мұнда жүріп, ескі ісі есіне түсіп, автокөліктердің терезесін жарып, көлік иелерінің жеке заттары мен видеотіркегіштерін ұрлай бастаған. Тек қана Алмалы ауданы бойынша осыған ұқсас 5 оқиға тіркелген. Қазіргі кезде сотқа дейінгі ҚР қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер осы азаматтың әрекеттерінен зардап шеккендер болса полицияға хабарласуларыңызды сұраймын», -деді Алмалы ауданының ІІД подполковнигі Данияр Мендебаев.  

Қатысты Мақалалар